Сухарто (Suharto) (08.06.1921 ж.т., Джокьякарта маңындағы Кемусу ауылдары.)- Индронезияның мемлекеттік қайраткері, генерал. 1945-1949 ж. Индонезия халқының голланд отаршыларына қарсы қарулы күресіне қатысты. 1963-1965 ж. құрлықтағы стратегиялық резерв әскерлерінің қолбасшысы. 1965 ж. 30 қыркүйектегі оқиғалардан кейін мнистр- құрлықтағы әскер күштерінің қолбасшысы. 1966 ж. наурыздан атқару өкімет билігінің басшысы міндетін атқарды. 1967 ж. наурызда Индонезия президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 1968 ж. сәуірден Индонезия президенті. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 456 бет

Санат: 1921 жылы туғандар Санат:Тұлғалар Санат:Қоғам қайраткерлері Санат:Генералдар