Мұнайлы - Атырау облысының Жылыой ауданындағы шағын кәсіпшілік, қалалық типтегі мұнайшылар кенті. Атырау қаласының оңтүстік-шығысында 205 км-де, мұнай кәсіпшілігі және темір жол станциясы Құлсарыдан оңтүстік-шығыста 60 км жерде орналасқан.

Тарихы 1947 жылы ашылған, өзімен аттас шағын мұнай кен орны (Мұнайлы мұнай кен орны) негізінде іргесі 1948 жылы қаланды. Кент 2003 жылы таратылған. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жылыой ауданының таратылған елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері