thumb|right|200px|Автопортрет Пер Хильстрем (Pehr Hilleström; 18 қараша 1732 - 13 тамыз 1816) — швед кескіндемешісі.
Стокгольмде оқыды.1757 - 58 жылдары Парижде тұрды. Стокгольм Көркемсурет академиясының мүшесі (1773), профессор (1794).1810 жылдан осы академияның директоры. Жан-Батист Грез, Жан Батист Симеон Шарден өнерінің ықпалында болды. Шығармаларында негізінен буржуазиялық тұрмысты, халық өмірін, ұстаханалар мен кен орындарындағы еңбекті бейнеледі. Хиллестрем - "Жараланған саусақ", "Сынық тегеш" (екеуі де Эрмитажда, Санкт-Петербург) атты картиналар мен натюрморттардың авторыҚазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 23 бет.
Галерея
Дереккөздер
Санат: 1732 жылы туғандар Санат: 1816 жылы қайтыс болғандар Санат:Швеция суретшілері