Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме.Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы

Тарихы Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі 1995 жылы сот жүйесін реформалау аясында консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған. Кеңесті тікелей Қазақстан Президенті басқарып келсе, 1998 жылдан бастап ол өкілеттік кеңес төрағасына жүктелді. Кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Конституциялық Кеңес төрағасы, Әділет министрі, сонымен қатар Сенат депутаттары, судьялар, Президент тағайындайтын өзге де тұлғалар кірді.

2008-2015 жылдары Жоғары сот кеңесі мүшелерін мемлекет басшысы тағайындайтын заңды тұлға мәртебесі жоқ мекеме ретінде жұмыс істеді. Аталған кезеңде кеңестің өкілеттігі біршама артты, өйткені оған таратылған Әділет біліктілік алқасының бүкіл функциясы берілген еді.

2016 жылдан бастап Жоғары сот кеңесі заң бойынша автономиялы мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болды. Кеңес қызметі сапалы атқарылуы үшін оның жанынан өз аппараты құрылды. Одан бөлек кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Мәжіліс пен Сенаттың тиісті тұрақты комитеттерінің төрағалары, адвокат және заңгер ғалым енді.Высший Судебный Совет — гарант формирования профессионального судейского корпуса

Кеңесті құру тәртібі Кеңес Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады. Жоғарғы Сот Төрағасы, Бас Прокурор, Құрылтайдың тұрақты комитетінің төрағасы лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады. Президент Кеңес құрамына басқа адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.

Кеңес мүшелері Лауазымы бойынша мүшелері: Дмитрий Малахов — Жоғары сот кеңесінің төрағасы Асламбек Мерғалиев — Жоғарғы Сот төрағасы Берік Асылов — Бас прокурор Үнзила Шапақ — Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы

Президент тағайындаған мүшелері: Реті Аты-жөні Тағайындалған уақыты Лауазымы 1 Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов 12 маусым 2025 Жоғарғы сот судьясы 2 Алтын Шалабайқызы Айтуарова 3 қаңтар 2024 Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы 3 Ернар Нұрланұлы Бегалиев 3 қаңтар 2024 Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры 4 Салтанат Серікжанқызы Жүніспекова 12 маусым 2025 Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы 5 Ақмарал Серікқызы Исаева 12 маусым 2025 Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты 6 Самат Советбекұлы Кененбаев 3 қазан 2025 Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының судьясыЖоғары Сот Кеңесінің құрылымы 7 Кәкен Ермұхаметұлы Қасаболатов 12 маусым 2025 Алматы қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 8 Ғалымжан Қансейітұлы Нұрлықұлов 3 қаңтар 2024 Жамбыл облыстық сотының судьясы 9 Жанат Әнуарқызы Оспанова 3 қазан 2025 Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы

Кеңес аппараты Кеңес аппараты Қазақстан Президентінің 2015 жы­л­ғы 23 жел­тоқ­сан­да­ғы №137 Жар­лы­ғы­мен құрылды. Аппарат Жоғары Сот Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды. Ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы және Кеңестің мүшесі емес.

Аппарат басшылары Әнуар Сабыров (24 желтоқсан 2015 — 4 қаңтар 2024)А.Сабиров назначен секретарем Высшего судебного совета - руководителем аппаратаМемлекет басшысының өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабыров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымынан босатылды Дәурен Мұратбеков (9 ақпан 2024 жылдан бастап)

Төрағаларының тізімі № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты 1 99px Игорь Рогов 1999 2001 2 99px Георгий Ким 15 қазан 2001 21 наурыз 2002 3 99px Игорь Рогов 21 наурыз 2002 12 сәуір 2003 4 99px Мақсұт Нәрікбаев 12 сәуір 2003 12 сәуір 2006 5 99px Игорь Рогов 12 сәуір 2006 14 ақпан 2008 6 99px Оңалсын Жұмабеков 14 ақпан 2008 20 қаңтар 2012 м.а. 99px Талғат Донақов 20 қаңтар 2012 13 наурыз 2012 7 13 наурыз 2012 16 қазан 2013 8 99px Бектас Бекназаров 16 қазан 2013 11 тамыз 2014 9 99px Рашид Түсіпбеков 11 тамыз 2014 26 тамыз 2015 м.а. 99px Талғат Донақов 14 қазан 2015 11 желтоқсан 2015 10 99px Анатолий Смолин 11 желтоқсан 2015 4 сәуір 2018 11 99px Талғат Донақов 4 сәуір 2018 7 маусым 2021 12 99px Денис Шипп 7 маусым 2021 19 қыркүйек 2024 13 99px Дмитрий Малахов 19 қыркүйек 2024 —

Сот төрелігі академиясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанында ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орны Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді. Ол жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.Біз туралы

Дереккөздер

Санат:Қазақстандағы сот жүйесі