Үлкен Қалқан – Жетісу Алатауындағы, Алтынемел жотасының қиыр оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерінде, Іле өзенінің оң жағасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1281 м, ұзындығы 15 км, енді жері 10 км. Батысында, 10 км жерде Кіші Қалқан тауы (956 м) орналасқан. Үлкен Қалқанның баурайында Сексеуілді қонысы, Ақтөбе, Шақаман қыстаулары жайғасқан.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен (гранит, базальт, андезит, т.б.) түзілген.
Өсімдігі Тау баурайында сұр, бозғылт сұр топырақ қалыптасқан. Іле өзеніне қараған тіктеу беткейлерінде жусан, көкпек, сұлыбас, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы