Мырзашоқы жер асты су кен орны - Қарағанды облысы Қаражал қаласынан солтүстікке қарай 14 км жерде орналасқан. Суы Атасу кен байыту комбинатын шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған.

Геологиялық құрылымы Кен орны негізінен терригенді метаморфтанған кембрий-ордовик және орта девонның шөгінді-жанартаутекті және интрузивтік тау жыныстарында шоғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстарына кварцит, құмтастар, алевролит, туф-құмтас және порфириттер жатады. Олардың қалыңдығы 60 м.

Сипаты, құрамы Жер асты суы арынсыз, жер астындағы су деңгейі 0,6-14м. Тау жыныстарының сулылығы біркелкі емес. Химиялық құрамы бойынша олар сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі. Жобалық сутірек тереңдігі 60-70 м, өнімділігі 2,5-5,3 л/с болатын 6 ұңғымадан тұрады. Кен орны игерілмеген. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары