Тосынқұм – Шалқарнұра тауының солтүстігінде, Торғай өзенінің орта ағысында жатқан құмды массив.
Географиялық орны Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Торғай өзенін бойлай 66 км-ге созылып жатыр, ені 21 км шамасында. Ауданы 820 км2. Барханды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биіктігі 2–10 м. Көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2–5 м тереңдікте (минералдылығы 1,5 – 5 г/л) жатыр.
Өсімдігі Құм төбелерде еркек шөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңірінде қыстаулар (Қарақұдық, Түйемойнақ, т.б.) мен елді мекендер (Жыңғылды, Қарғалы, т.б.) орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы құмдары