Қашқантөбе, Қашқынтөбе – Балқаш көлінің шығыс бөлігіндегі арал.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданында орналасқан. Кеңтүбек түбегінің батысында 8 км жерде жатыр.
Жер бедері Ең биік жері теңіз деңгейінен 358 м биіктікте. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-ге созылған, енді жері 2 км. Солтүстік жағалауы тастақты, қалған бөліктері құмдақты келген.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Балқаш көлі аралдары Санат:Жетісу облысы географиясы