Михаил Михайлович Черемных(30.10.1890, Томск,-07.08.1962, Мәскеу)- кеңес график-суретшісі, РСФСР халық суретшісі (1952), КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі (1958). Өмірбаяны 1911-1917 ж. Мәскеудің кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде(К.А.Коровин мен С.В.Малютиннен) оқыды. «Окна РОСТА» мен «Окна ТАСС-ты» , «Крокодил» журналын ұйымдастырушылардың бірі әрі белді суретшісі. Карикатуралық суреттер мен саяси плакаттың шебері, кітап көркемдеуші, тетар суретшісі хәм педагог ретінде де белгілі. Еңбектері «РОТА-ның қарқынды шешімі» (плакат ,1919), «Шыққан өзін төпелеп, Гитлерге не керек...?» («Окна ТАСС»,1941), «Түсіру үшін жаудың жалаң кездігін, фашистке қарсы шеп құратын кез бүгін!» (плакат, 1938, бәрі Третьяков галереясында, Мәскеу), М.Е.Салтыков-Щедрин шығармалары (1936-1939) мен А.П.Чехов «Әңгімелеріне» (1939-1940) жасаған иллюстрациялары , К.М.Симоновтың «Орыс адамдары» спектаклінің декорация эскизі (1942, Бийск театры) т.б. Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942). «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 104 бет
Санат: 1890 жылы туғандар Санат: 1962 жылы қайтыс болғандар Санат:Суретшілер