Василий Иванович Чуйков (31 қаңтар 1900, Тула губерниясы, қазіргі Мәскеу облысы – 18 наурыз, 1982, Мәскеу) — кеңес әскери қайраткері. Кеңес Одағының Маршалы (1955). Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған (19.03.1944, 06.04.1945). 1919 жылдан КПСС мүшесі. 1918 жылдан Кеңес Әскері қатарында. 1918–1920 жылдары Азамат соғысына қатысты. Әскери нұқаушылар курсын (1918), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1925), осы академияның шығыс курсын (1927), механикаландыру және моторландыру академиясы жанындағы академиялық курсты (1936) бітірді. 1939 жылға дейін жауапты командалық қызметтерде болды. Батыс Белоруссияны азат етуге және армия қолбасшысы ретінде кеңес - финн соғысына (1939-40) қатысты. 1940–1942 жылдары Қытайдағы әскери атташе. 1942 жылы (мамыр айынан) Ұлы Отан соғысына (1941–1945) қатысып, 64-,62 және 8 - гвардиялық әскерлердің қолбасшысы болды. Соғыстан кейін ол Германиядағы Кеңес Әскері тобы Бас қолбасшысының көмекшісі, орынбасары және 1-орынбасары (1945–1949), Бас қолбасшысы (1949–1953). 1953–1960 жылдары Киев әскери округы әскерлерінің қолбасшысы. 1960–1964 жылдары КСРО Қорғаныс министрінің орынбасары және 1960-61 жылдары құрғақтағы әскерлердің Бас қолбасшысы қызметін қоса атқарды. 1964 жылдан КСРО Азаматтық қорғанысының бастығы.1972 жылдан КСРО Қорғаныс министрлігі Бас инспекторлар тобында жұмыс істейді. 1952 жылдан КПСС ОК мүшелігіне кандидат, 1961 жылдан 1976 жылға дейін мүшесі болды. 2-9 сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.Мамай қорғанында жерленген.

Сыйлықтары 7 рет Ленин ордені, Қазан Революциясы ордені, 4 рет Қызыл Ту ордені және басқа ордендермен наградталған.

Әдебиеттер Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 153-154 бет

Санат:1900 жылы туғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Запорожьенің құрметті азаматтары