Зернебек Шілдебайұлы (1949 жылы 10 тамызда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Бостандық ауылында дүниеге келген) - қазақ жазушысы. Ысты руынан шыққан.

Өмірбаяны 1967 жылы "Ойық" орта мектебін бітірген.1967-1969 жылдары Қазақстан мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының механика факультетінде оқыған.1967-1969 жылдары Жамбыл облысының Талас ауданындағы "Ойық савхозында аудандық байланыс торабының радиомонтері" болды.1970-1971 жылдары Алматыдағы номер екінші баспаханада жұмысшы.1971-1976 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филиология факультетінде оқыған. Карьерасы 1976-1978 жылдары Жамбыл облысының Талас ауданындағы "Тамды" орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,1978-1985 жылдары Жамбыл облысының Қордай аудандық ұйымының жауапты хатшысы.1985-1987 жылдары Алматыдағы "Мектеп" баспасының корректоры,аға редакторы,1987-1989 жылдары Алматы облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі 1989-1991 жылдары Қазақстан мектебі журналында ғылыми редактор Қазақ тілі мен әдебиеті журналы мен оның Ұлағат қосымшасының бас редакторы және кейіннен осы журналдардың бас директоры атанды. Еңбектері Көптеген әдеби-публицистикалық ,ғылыми-педагогикалық және әдістемелік мақалалары,өлеңдері мен жыр-толғаулары аудандық,облыстық және мерзімдік басылым беттерінде жарияланған."Кеудемдегі кептерім" атты (1999) өлеңдер жинағының авторы."Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі" белгісімен және Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

/ Қазақстан жазушылары : анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 437 бет.

Санат:1949 жылы туғандар