Жалтыр – Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылының батысында 10 км жерде орналасқан тұзды көл. Құлынды жазығының ортасында, Ертіс өзенінің оң аңғарында. Теңіз деңгейінен 139 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 9,6 км2, ұзындығы 8,7 км, енді жері 1,8 км, жағалауының ұзындығы 22,8 км. Шығысында Малыбай, батысында бірнеше ұсақ тұзды көлдер бар. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қараша айының соңында суы қатып, сәуір айында ериді. Суы кермек. Мал шаруашылығына, балық шаруашылығына пайдаланылады.
Санат:Аққулы ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы