Первомайское — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, Первомай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1444 адам (700 ер адам және 744 әйел адам) болса, 2009 жылы 889 адамды (454 ер адам және 435 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1942 жылы қаланып, 1996 жылға дейін астық өсірумен айналысатын кеңшардың орталығы болды. Кеңшар негізінде Первомайскоеде 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Фёдоров ауданы елді мекендері