«Кунг-фу панда» () — 2008 жылы Dreamworks Animation киностудиясы шығарған толықметражды анимациялық фильм, алғашқы көрсетілімдердің бірі 2008 жылы 5 шілдеде 2D, 3D, IMAX 3D режимінде шыққан болатын. Бұл анимацилық фильмнің режиссері Марк Осборн және Джон Стивенсон.
Мультфильмдегі барлық жағдай антропоморфтық жануарлар өмір сүріп жатырған Қытайда орын алады, соның ішінде, қояндар, шошқалар, қасқырлар, үйректер және т.б. Жалпы мультфильм қарапайым аспазшы, яғни кеспе пісіруші үйректің ұлы панданың - нағыз кунг-фу шеберіне айналуы туралы. Бұл анимациондық фильм «Оскар сыйлығы» сыйлығына ие болған.
Бұл мультфильм аздаған уақыт ішінде 500 миллиардтан астам доллар жинап алды.Фильмде әзіл жағы да, өте қызықты төбелес өнері, яғни кунг-фу жақсы қамтылған жәнеде өте әдемі эффектілермен безендірілген.
Аннотация Бейбітшілік алқабын және оның барлық тұрғындарын қатыгез шебер Тай Лунгтан құтқару ең жақсылардың арасында бірінші болып табылатын Айдаһар жауынгерінің иығына түсуі керек, ол ... ебедейсіз, жалқау және әрқашан аш панда По болады.
Ол аңызға айналған жауынгерлер: Жолбарыс, Маймыл, Манти, Жылан және Тырнамен қатарласып, кунг-фу шеберлігінің шыңына жету үшін ұзақ және қиын жолдан өтті. По көне шиыршықтың құпиясын түсінеді және егер ол өзіне сене алса ғана Айдаһар жауынгеріне айналады ...
Деректер Әлемді зұлым, кунг фу өнерін шебер меңгерген Тай Лунгтан құтқару күштілердің ішінен таңдалып алынған қолапайсыз, еріншек, ашқарақ айдаҺар сарбазы панданың міндетіне жүктеледі, басқаша айтқанда "По". Оны жеңу үшін атағы жер жарған жолбарыспен, маймылмен, дәуітпен, жыланмен жәнеде бірқазанмен бірге көптеген қиын жолдардан өтуге тура келеді. Бірақ та, ол Тай Лунгты жеңу үшін айдаҺар қағазындағы күшті игеру керек ,ал негізгі күш өз-өзіне деген сенімі болатын...
Кейіпкерлер Джек Блэк — По Дастин Хоффман — Шифу шебер Рэндалл Дук Ким — Ұлы шебер Угвэй Анджелина Джоли — Шебер жолбарыс Дэвид Кросс — Шебер бірқазан Джеки Чан — Маймыл ұста Сет Роген — Дәуіт Люси Лью — Жылан Иэн Макшейн — Тай Лунг По - улкен панда - фильмдегі басты кейіпкер.Үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүреді,ақымақ,жолы бола бермейтін семіз панда, "үздік бестікті", сонымен қатар Кунг Фумен айналысуды армандайды. Кеспе пісіретін асхананың бастығы өгей әкесімен бірге жұмыс жасап, оған көмектеседі. Оқиғаның соңында зұлым Тай Лунгты жеңгеннен кейін айдаҺар сарбазы, сонымен қатар "үздік бестіктің" қатарына кіреді. Шифу ұста - "Үздік бестіктің" жаттықтырушысы. Басында панданы өзінің шәкірті ретінде мойындамағанымен, одан кейін оны үйретудің ерекше әдісін тауып, оның айдаһар жауынгері екенін мойындап, жаны тынышты алды. Угвей шебер - тасбақа - Шифудың ұстазы, Поны айдаһаржауынгері ретінде таңдап, соңына дейін сенген, жәнеде таңдауда шатыспаған. Тай Лунг - қар барысы - басты зұлым - Шифудың асыранды баласы, жастайынан айдаһар жауынгері болып үйретіледі, бірақ, Угвей оның жүрегіндегі зұлымдықты көріп, айдаһар жауынгері дер санамайды. Оның шешіміне келіспеген Тай Лунг өзінің туған жерінде төбелес шығарып, "айдаһар қағазын" алмақшы болып келгенде, ойы іске аспай 20 жылға Чорчом түрмесіне кетеді.
Қосымша кейіпкерлер Пи мырза - Үйрек - Поның әкесі. Кеспе дайындайтын асхананың басқарушысы. Әкесі Пи пандаға кеспе дайындаудың ешқандай құпиясы жоқ, тек сену керек екенін айтып, айдаһар қағазының сырын түсінуіне үлкен септігін тигізген болатын. Вахир - Явандық мүйізтұмсық - Чор Гом түрмесінің бастығы. Зенг - үйрек - Шифудың хабар тасушы құсы. Тай Лунг Зенгтың түрмеге барған кездегі түсіп қалған қауырсынының арқасында босап кеткен болатын. Сонымен қатар, фильмде басқа да кейіакерлер ойнайды, соның ішінде үйректер, қояндар, шошқалар, бұқалар, мүйізтұмсықтар және басқалары.
Саундтрек Мультфильмге арнап ән жазған Джон Пауэл және Ханс Циммер болып табылады. Олар ән әдемі, жәнеде қызықты болуы үшін, Қытайдың Симфоникалық оркестрімен танысып, әуендерін зерттеген.
Мультфильмнің жасалу жолы 2004 жылы қазанда «DreamWorks Animation» мультфильмды жасауды жоспарлады. 2005 жылы қыркүйекте басты кейіпкерді Джэк Блэк дыбыстайды деп шешім қабылданды, сонымен қатар, сол жылдың қарашасында дыбыстаушылардың қатарына Дастин Хоффман, Джеки Чан, Люси Лью, және Иэн макшейн қосылды. Басында, мультфильмді төбелес өнерін қолданып жасамақ болған, бірақ режиссер Джон Стивенсон бұл идеяны құптамай, комедия, сонымен қатар, төбелесті уся элементтерімен жасауға шешеді. Мультфильмді жасау барысында режиссерлері Джон Стивенсон және Марк Осборн Қытайдың салт-дәстүріне аса назар аударған, соның барысында Қытайдың мәдениетін, тарихын толық зерттеген. Тіпті, сол бағыттан таймас үшін, қоюшы-суретші Рэймонд Цибах және арт-директор Танг Хенг бірнеше жыл Қытайдың сурет өнерін, архитектурасын, кунг-фу стиліндегі фильмдерді зерттеген болатын.
Бұл мультфильм үшін жасалған компьютерлік анимация жасау Dreamworks тарихындағы ең қиын жұмыс болған көрінеді, мульфильмның бас директоры сценарийді VFX-тің бастығы Маркс Манниненге ұсынғанда ол күліп, оған "сәттілік " тілеген. Оған қоса мультфильмді жасау үшін аниматорларға нағыз кунг-фу шеберлерінен тәлім алуына тура келген. Бұл Dreamworks тарихындағы бірінші IMAX форматындағы фильм.
Марапаттаулары Бұл анимациялық фильм "Оскар сыйлығы" номинациянасының иегері, "Ең үздік мультфильм", сонымен қатар "Алтын глобус" номинациясының иегері атанды.
Ие болған марапаттаулары мен номинациялары'</center>жүлдесанатМарапат алушыЖалпы81-і жүлде Оскар сыйлығы Үздік анимациялық фильм Джон Стивенсон Марк Осборн Энни жүлдесі 2009 Үздік анимациялық фильм Үздік анимациялық эффектілер Ли-Минг «Лоуренс» Ли Ұздік анимациялық кейіпкер Джеймс Бакстер Филипп Ле Брун Дэн Вагнер Үздің кейіпкер дизайны Нико Марлет Үздік режиссер Джон СтивенсонМарк Осборн Ұздік музыкалық композиция Ханс ЦиммерДжон Пауэлл Үздік дизайн| Танг Кенг Хенг Рэймонд Цибах Үздік түсірілім Дженнифер Ю Алессандро Карлони Үздік дыбыстау Дастин Хоффман Джеймс Хонг Иан МакШейн Үздік сценарий Джонатан ЭйблГленн Бергер Golden Trailer AwardsҮздің отбасылық анимацияHuabiao Awards Шет тіліндегі үздік фильм National Movie Awards Үздік отбасылық фильмNickelodeon Kids' Choice Awards Үздік кейіпкер дыбыстауы Джек Блэк Сүйікті анимациялық фильмOnline Film Critics SocietyҮздік анимациялық фильмPeople's Choice AwardsСүйікті отбасылық фильмProducers Guild of AmericaАнимациялық фильмМелисса КоббTeen Choice Awards Choice Summer Movie: ComedyVisual Effects SocietyҮздік анимацияланған кейіпкерДжек БлэкДэн ВагнерНико МарлетПитер ФэрсонАнимациялық фильмдердегі ең үздік анимациялық фильмMarkus ManninenDan WagnerAlex ParkinsonRaymond ZibachҮздің анимациялық эффектілерMarkus ManninenAlex ParkinsonAmaury AubelLi-Ming 'Lawrence' Lee
Кассалық түсім «Кунг-фу панда» мультфильмі сатылымда $631,7 млн жинап алды, $215 млн АҚШ-тан, ал қалған $416 млн басқа елдерден жиналды. 2011 жылы мультфильм бүкіл киномотография тарихында кассалық түсірілімнен 53-ші орынды иеленді, ал анмациялық фильмдердің арасында 11-шы орынға жайғасты.
Бұл мультфильмды Қытайлықтар да жақсы қабылдады. 2008 жылы шілдеде сатылымнан 110 миллион қытай юань ақшасын жинап алды, сонымен Қытайдағы ең алғаш 100 миллион қытай юаньін жинаған мультфильм атанды. Қытайлық режиссер Лу Чуань былай деген болатын: "Жасалу жағынан бұл фильм ешқандай кемшіліксіз, Американдық жасаушылар Қытай мәдениетіне деген ерекше көзқараста екендігін көрсетті." Бұл фильм қытайлықтардың американдықтарға деген көзқарасының өзгеруіне септігін тигізді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты
Санат:2008 жылғы мультфильмдер Санат:Компьютерлік анимациялы фильмдер Санат:DreamWorks Pictures толық метражды мультфильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары