Октай Уркал (, 15 қаңтар 1970, Батыс Берлин) — шыққан тегі түрік германиялық кәсіпқой боксшы. Жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. 1996 жылғы Атлантадағы Жазғы Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері. Кәсіпқой мансабы 1996 жылы қыркүйекте алғашқы айқасын өткізген. Барлық дерлік айқастарын Германияда өткізген. 2001 жылы маусымда Уркал 1-ші жартылай орта салмақтағы WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Константин Цзюге қарсы айқасқа шықты. Бәсекеге толы айқаста Цзю ұпай санымен жеңіске жетті. 2004 жылы сәуірде Октай Уркал 1-ші жартылай орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Вивиан Харриспен қолғап түйістірді. Тең дәрежелі айқаста қазылардың шешімімен Харрис жеңіске жетті. 2004 жылы қазанда Уркалмен мен Вивиан Харрис арасында екінші рет айқас өтті. Осы жолы Харрис қарсыласын 11 раундта нокаутқа түсірді.

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты BritishBoxing.net/ Октай Уркал рекордтары

Санат:Германия боксшылары