Жанғали Хамзабаев (10 қазан 1937 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қоскөл ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1981), профессор (1988).

Өмірбаяны Арғын тайпасы Атығай-Қарауыл руынан шыққан. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. КСРО Медицина Ғылым Академиясы Хирургия институтының аспирантурасын (1968) бітірген. 1968 жылдан Клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері

1980 жылы «Рентгено-радиологическая диагностика симптоматической гипертензии» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2 өнертабыс пен көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:10 қазанда туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Айыртау ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми-зерттеу институтының профессорлары