Қара-Еске қаған (Қара Ыссық қаған, Коло Исиги кэхань, Қара қаған, Ашина Кэло, Исицзи) (? – 553) – Түрік қағанатының екінші қағаны (552 – 553, 6 ай), Бумын қағанның үлкен ұлы. Таққа әкесі өлгеннен кейін отырған. Жужандар Анағұйдың інісін билікке әкеліп, Түрік қағанатына қарсылық көрсете бастайды. Лайшаң тауының маңында түріктер жужандарды тағы да жеңіліске ұшыратты. Осы шайқаста Қара-Еске қаған қайтыс болып, жужандар толық талқандалудан аман қалды.

Дереккөздер

Санат:553 жылы қайтыс болғандар Санат:Түркі қағанатының билеушілері Санат:Ашина әулеті