Лариса Гиршевна Волохонская (1945 жылы туған) — аудармашы, ақын және аудармашы Ричард Пивердің жары.

Өмірбаяны 1 қазан 1945 жылы Ленинградта дүниеге келді.  

Ленинград университетінде, филология факультетінде математикалық лингвистиканы бітірді. Владивостокта теңіз биология Институтында жұмыс жасады, Сахалинада және Камчаткада болды (1968-1973).

1973 жылы Израильге  қоныс аударды, әдебиет ісімен айналысты, көбінде аудармамен айналысты. 1975 жылдан бастап АҚШ-та өмір сүрді. 1977-1979  жылдары Коннектикут штаты Нью-Хэвендегі Yale Divinity School мектебінде оқыды және 1979-1981 жылдары Свято-Владимирсктегі (Крествуд, Нью Йорк штаты) Діни семинарияда білім алды, бұл жерде оның педагогтары  Александр Шмеман және Иван Мейендорф болды. Дереккөздер

Санат:1 қазанда туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар