Майсор — Шідерті алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында, Шідерті кентінен оңтүстікке қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен 262 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 7,2 км2, су жиналатын алабы 522 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 11,3 км. Жағалауы жазық, шығыс және батыс бөлігінде қамыс өскен. Көлге оңтүстігінен көктем айларында Құржаман өзені құяды. Оңтүстік-батысында Жарсор көлі жатыр. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Екібастұз көлдері Санат:Ертіс су алабы