Қараматақ – Қызылтас тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының солтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1001 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында. Беткейі тіктеу, түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етегінде қорымтастар жиналған.
Өсімдігі Саздауытты қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары