Шатыркөл – Шу алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 233 км2.
Бастауы Кіндіктас тауының батыс беткейіндегі бұлақтан басталып, Көктөбе ауылынан 3,3 км шығыста тартылып қалады.
Гидрологиясы Аңғары астау тәрізді, беткейлері тік, арнасы ирелең. Жауын-шашан, жер асты суымен толығады. Наурыз — сәуір айларында тасып, жазда қара суларға бөлініп қалады. Көпжылдық орташа су ағымы сағасында 0,055 м3/с. Қазақ энциклопедиясы, 9 том.
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Шу су алабы