Тасқала (2004 жылға дейін — Каменка) — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл, аудан және Тасқала ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Ауыл аумағынан Шаған өзенінің саласы Деркөл өзені ағып өтеді, облысы орталығы - Орал қаласынан батысқа қарай 80 шақырым жерде Орал – Тасқала – РФ (Озинки) күре жолының бойында орналасқан. Ауыл "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның "Шипово" станциясы болып табылады.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 7054 адам (3427 ер адам және 3627 әйел адам) болса, 2009 жылы 7350 адамды (3504 ер адам және 3846 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 8118 адамды (3968 ер адам және 4150 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Тасқала ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері