Құмдыкөл — Есіл алабындағы көл, Зеренді тауларының солтүстік бөлігінде.

Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданы Кеңөткел ауылының солтүстік-батысында 9 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 288 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 6,7 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 9,4 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді.

Жағалау сипаты Құрғақ жыдғалармен тілімденген жағалауында қамы, құрақ өскен. Батысында Баршын, солтүстігінде Жолдыбай көлдері бар. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Санат:Зеренді ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы