Шетырғыз ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Қаратоғай, Тұмалыкөл ауылдары кіреді. Орталығы - Қаратоғай ауылы. Округ құрамында болған Шетырғыз ауылы 2013 жылы таратылған.Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы

Тарихы 1964 жылы "Шетырғыз" кеңшары мен ауылдық Кеңес ұйымдасты.

Сайлары Дөңгелексай, Жиделісай, Еспесай, Қопа, Ишансай, Сарысай, Шанке, Қайыңды, Қарасай, Ащысай, Сырлыбай, Тастысай, Аққұрдан, Шығыр, Ұлыталдық.

Көлдері Ақтұз, Ақкөл, Байжанкөл, Бақакөл, Жарықкөл, Қамыстыкөл, Сарыкөл, Шилікөл, Шығырлыкөл, Иіркөл, Тұмалыкөл.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 648 адамды (337 ер адам және 311 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы ауылдық округтері