Мырза Масрур Ахмед () – Бүкіләлемдік Ахмадия мұсылман жамағатының қазіргі басшысы (бас Имамы). Рухани лауазымы: Халифа-түл-Мәсіх V (ауд.: Мәсіхтің Бесінші Халифі ), мағынасы: ахмадилердің сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди Хазірет Мырза Ғұләм Ахмедтің ісін жалғастырушы бесінші орынбасары дегенді білдіреді. Ахмадия Мұсылман Жамағатының Төртінші Халифі Мырза Тахир Ахмед қайтыс болған соң, үш күннен кейін, яки 2003 жылдың 22 сәуірінде Мырза Масрур Ахмед жамағаттың Бесінші Халифі болып сайланды.

Өмірбаяны Дүниеге келуі және жастық шағы

Мырза Масрур Ахмед 1950 жылдың 15 қыркүйегінде, Пәкістанның Рабва қаласында туған. Сол кездері Рабва қаласы Ахмадия Мұсылман Жамағатының орталығы болатын. Мырза Масрур Ахмед «Тәлимул Ислам» орта білім беру мектебін бітірген. Сосын «Тәлимул Ислам» колледжінде бакалаврлықты тәмәмдаған. Бұл мекемелер Рабва қаласында орналасқан. 1976 жылы Мырза Масрур Ахмед Пәкістандағы Файсалабад қаласының ауыл шаруашылық университетінде ауыл шаруашылық экономикасы саласы бойынша магистр дәрежесін қорғады.

Гана Ахмадия Мұсылман Жамағатында түрлі лауазымдарда қызмет еткен соң, Мырза Масрур Ахмед сегіз жыл бойы Ганада қызмет еткен. Ол Гананың солтүстігінде, Саляга елді-мекенінде Ахмадиялық орта білім беру мектебінің негізін қалаған. Ол осы мектептің мүдірі болып екі жыл қызмет етті. Саляганың орта мектебіндегі жетістіктері, оны, Гананың орталық аймағында орналасқан Эссаркуердегі Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізгі орта білім беру мектебінің мүдірі болып сайлануына ықпал етті. Ол онда мүдір ретінде төрт жыл бойы қызмет жасады.

Орта мектептің мүдірі болып қызмет еткен соң, Мырза Масрур Ахмед Гананың солтүстігіндегі Депалиде Ахмадиялық агрофирманың жетекшісі болып тағайындалды. Бұл лауазымда ол екі жыл қызмет етті. Оның жетекшілігімен, алғаш рет Гананың климатына сай бидай сорты өсіріліп шығарылды. Ол кісінің бидай өсірудегі тәжірибесі Ганадағы халықаралық сауда-өнеркәсіп жәрменкесінде көрсетілді. Сол тәжірибенің нәтижесі Гананың ауыл шаруашылық министрлігіне ұсынылған.

Пәкістан Ганада қызметін аяқтаған соң, Мырза Масрур Ахмед Пәкістанға оралды. Ол 1985 жылдың 17 наурызында Ахмадия Мұсылман Жамағатының барлық қаржы құралдарына жауапты болып тағайындалды. Сонымен қатар, ол, Пәкістан аясында, Ахмадия жамағатының білім беру мәселесі бойынша жетекшісі болып қызмет етті. 1997 жылдың 1 желтоқсанында ол жоғарғы бақылау кеңесінің басшысы («Назыр-и-Ағла») және орталығының Төрағасы ("Амир Мұқами") болып тағайындалды. Ол осы лауазымдарды Уәделенген Мәсіх әрі Имам Мәһдидің Халифі (ісін жалғастырушы Орынбасары) болып сайланғанға дейін атқарды.

Түрмеге қамалуы 1999 жылы, Пенжабтың аймақтық ассаблеясына, Рабва қаласының атын өзгерту қажет делінген талаппен резолюция келіп түсті, бұның себебі, бұндай атау Құран Кәрімде бар болғаны үшін. (Яғни, бұл талап ахмадилердің қаласы Құранға қатысты атаумен аталмауы тиіс дегенге саяды). Резолюция көп талқыламастан қабылданып, Рабва қаласының аты ресми түрде Ченаб Нагар деп өзгертілді. Қаланың жаңа атауы жазылған тақтайшалар Рабваның барлық жерлеріне ілінді. Бірнеше күннен кейін, Ахмадия Мұсылман Жамағатының кейбір мүшелеріне қатысты ашылған қылмыстық іс жайында алғашқы хабар келіп түсті. Олар жаңа атауы бар тақтайшаларды өшірді деп айыпталды. Дегенмен, жазылған арызда Мырза Масрур Ахмедтің есімі анық аталмағанымен, Ахмадия жамағатының жоғары лауазымды бірнеше мүшелері тұтқындалды. Олар түрмеге қамалып, 11 күн бойы сонда болды. Оларға қатысты жасалған барлық кепілдіктер қабылданбады. Ақыр соңында, олар 1999 жылдың 10 мамырында бостандыққа шықты.

Ахмадия Хилафатының тізгінің қолға алуы Өзінің алдындағы Төртінші Халиф Мырза Тахир Ахмед қайтыс болған соң бірнеше күннен кейін, 2003 жылдың 22 сәуірінде Гринвич бойынша кешкі 11:40 Мырза Масрур Ахмед Уәделенген Мәсіх әрі Имам Мәһдидің Бесінші Халифі болып сайланды. Ахмадия Мұсылман Жамағатының жоғарғы кеңес органының хатшысы Имам Атаүл Мүджиб Рашид сайлаудың нәтижесін жариялады. Ол Бүкіләлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағатының барлық мүшелеріне келесі мәлімдемесін жасады:

Бүгіндері Мырза Масрур Ахмед түрлі елдерге барып, Ахмадия Мұсылман Жамағатының Жылсайынғы жиындарына қатысып, дүние жүзіне көп саяхат жасайды. Мырза Масрур Ахмед күнделікті намазын Лондон қаласындағы «Әл-Фазл» мешітінде оқиды. Бұл мешіт қазіргі уақытта Ахмадия Мұсылман Жамағатының бүкіләлемдік орталығы болып саналады. Ал жұма намазды Мырза Масрур Ахмед Лондонның Морден ауданында орналасқан «Байтүл Футуһ» мешітінде өткізеді.

Хилафаттың жүзжылдығы

2008 жылдың 27 мамырында, Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері Ахмадия Хилафатының жүзжылдық мерейтойын атап өтті.Independent , UK - 27 мамыр 2008 Осыған орай, Лондонның (Англия) «Эксел» орталығында өткен Ахмадия жамағаты мүшелерінің үлкен жиналысында Хазірет Мырза Масрур Ахмед үндеу жасады. Сол жерде халықаралық масштабта барша әлемде тұратын ахмади-мұсылмандарының адалдық анттын беру рәсімі орыналды.Centenary Khilafat Ahmadiyya1908 – 2008. The Message from Hadhrat Mirza Masroor Ahmad Khalifatul Masih V.Столетие Ахмадийского Халифата (27.05.2008). Церемония обета верности. youtube.com Бұл рәсім МТА International (Эм-Ти-Эй интернейшнл) жерсерікті арнасы арқылы дүниежүзіне көрсетілді, және рәсім Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианмен (Үндістан)және Рабвадағы (Пәкістан) екінші орталықтарымен тікелей қосылған телемост түрінде болды.Return of the Caliphate , Times Online, 27 мамыр 2008Times Online , UK - 26 мамыр 2008Birmingham Post , UK

Басында, Хилафаттың жүз жылдығы 2008 жылдың желтоқсан айында Қадианда өтетін «Жалса Саланада» (Жылсайынғы жиында) атап өтілуі жоспарланған болатын. Бірақ, Мумбайда болған соңғы лаңкестік актілер мен жарылыстардың салдарынан, сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында, Хазірет Мырза Масрур Ахмед Қадианда өтетін Жылсайынғы жиынға қатыспайтын болып, Лондонға қайтып келді.A True Believer Always Surrenders to the Will of Allah , Friday Sermon, 5 желтоқсан 2008 Ахмадия Хилафатының жүз жылдық мерей тойының белгісі ретінде, осындай жиындар дүние жүзінің түпкір-түпкірінде өткізілді.

Басты үндеулері

Ұлыбританияның қауымдық Палатасында қабылдау, Вестминстер, Лондон

2008 жылдың 22 қазанында Ұлыбританияның қауымдық Палатасында Хазірет Мырза Масрур Ахмед жаһандық дағдарысқа қатысты исламдық көзқарас тақырыбында сөз сөйледі. Сол күні Ахмадия Хилафатының жүзжылдық мерей тойына орай қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауда болған қонақтардың арасында парламент мүшесі (қауымдар ісі жөніндегі басхатшы) – Хон Хазель Блэрз, парламент мүшесі (сыртқы істер министірі) – Джиллиан Meрон, парламент мүшесі – Алан Кин, парламент мүшесі – Доминик Грив, парламент мүшесі – Саймон Хьюз, және депутат әрі лорд Эрик Эйвбери болды.

Еуропа парламенті, Брюссель

2012 жылдың 4 желтоқсанында Хазірет Мырза Масрур Ахмед Брюсселдегі (Бельгия) Еуропалық парламентте экстремизмге қарсы тұру тақырыбына арнап баяндама жасады.Ahmadiyya Times: EU Parliament: Khalifa of Islam delivers 'a powerful and inspiring address'Tannock hosts Ahmadiyya Muslim community to discuss promoting peace and combating extremism : European Conservatives and Reformists Group

Кобленцтегі Германия қарулы күштер штабы Сол жылы, Кобленц қаласындағы Германия қарулы күштер штабында Хазірет Мырза Масрур Ахмед «Өз еліңді сүю және оған адал болу хақысындағы Исламдық тәлім-тәрбие» тақырыбында сөз сөйледі.

АҚШ Конгресінде қабылдау, Вашингтон, Колумбия округы, АҚШ

Ахмадия Халифі АҚШ-тың Конгресінде үндеу жасады.МИРОВОЙ КРИЗИС И ПУТЬ К МИРУ - Мусульманская Ахмадийская Община (Евразия) Хазірет Мырза Масрур Ахмед 2012 жылдың маусым айының аяғы мен мамыр айының бас кезінде АҚШ пен Канадағы Ахмадия Мұсылман Жамағаттарының Жылсайынғы жиындарына қатысты. АҚШ-қа жасаған сапары аясында, ол 2012 жылдың 27 маусым айында «Жаһандық дағдарыс және бейбітшілікке апаратын жол» тақырыбында сөз сөйледі. Бұл үндеу Капитолийдегі әкімшілік ғимаратта, Том Лантостың төрағалығымен адам құқығы және дін бостандығы бойынша халықаралық комиссиямен бірге қос партияның арнайы қабылдауында жасалды.

Бұл шараға қатысқан саясаткерлер, АҚШ демократия партиясының лидері – Нэнси Пелоси, АҚШ сенаторы – Роберт Кейси, АҚШ Конгрессінің мүшелері – Брэд Шерман, Фрэнк Вольф, Хонда, Кит Эллисон, Зои Лофгрен. АҚШ-тың халықаралық дін бостандық комиссиясының төрайымы Катрина Лантос Свит Хазірет Мырза Масрур Ахмедке, бейбітшілікті тарату ісіне қосқан сүбелі үлесі үшін, қос партиялы Палатаның №709-шы резолюциясын табыстады. Сондай-ақ, осы резолюзияға сай оған Вашингтонға ресми түрде шақырту табыс етілді. Жалпы алғанда бұл шараға 130-дан астам жоғары шенді саясаткерлер, сонымен қатар АҚШ конгресінің 30 мүшесі, дипломатия корпусының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, конфессияаралық және қоғам қайраткерлері қатысқан.

«Моңтажь» қонақ үйінде ұйымдастырылған шара, Лос-Анджелес, АҚШ 2013 жылдың 11 мамырында Мырза Масрур Ахмед АҚШ-тың батыс жағалауына жасаған алғаш сапарында, Беверли-Хиллздың «Моңтажь» қонақ үйінде, «Ислам – бүкіл әлемге бейбітшілікті орнатудың жолы» (және «Мұхаммед пайғамбар – бейбітшіліктің елшісі») деген тақырыбтағы басты баяндамасын жасады. Бұл шараға 300-ден астам жоғары шенді қонақтар қатысыпты. Құрметті қонақтардың арасында келесі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері болған: Калифорнияның вице-губернаторы – Гэвин Ньюсом, Колифорнияның Мемлекеттік бақылаушысы – Джон Чан, Лос-Анджелестің мэрі – Эрик Гарсетти, Лос-Анджелес қалалық кеңесінің басшысы – Деннис Зина, Лос-Анджелес округының шерифі – Ли Бака, Калифорнияның тағы бір вице-губернаторы – Грей Дэвис, сондай-ақ Карен Басс, Глория Негрити Маклеод, Джуди Чу, Джулия Браунли, Дана Рорабачер секілді АҚШ конгрессмендері. Осы шарада Хазірет Мырза Масрур Ахмедке символикалық түрде қаланың кілті табыс етілді.

«Ориенталь Мандерен» қонақ үйінде ұйымдастырылған шара, Сингапур 2013 жылдың 26 қыркүйегінде Мырза Масрур Ахмед Сингапурдың «Ориенталь Мандерен» қонақ үйінде ұйымдастырылған шарада сөз сөйледі. Шараға қатысқан құрметті қонақтардың арасында Сингапурдың негізін құрушылардың бірі, билік партиясының мүшесі Ли Кун Чой мырза болды. Мырза Масрур Ахмедтің баяндамасы әділ экономика мен халықтар арасындағы теңдік мәселесіне арналды. Сондай-ақ ол үшінші дүниежүзілік соғыстың туындау мүмкіндігіне алаңдаушылығын білдірді.Reception to Ahmadiyya Khalifa at Singapore - 2013 youtube.com

Жаңа Зеландия Парламенті, Веллингтон

2013 жылдың 4 қарашасында Мырза Масрур Ахмед Жаңа Зеландия Парламентінде, күллі әлемге ауадай қажет болған бейбітшілік тақырыбына арнап сөз сөйледі.Wellington, New Zealand: Parliament Reception in honour of Hazrat Mirza Masroor Ahmad. youtube.com

Нидерланд елінің Ұлттық Парламенті, Гаага 2015 жыл 6 қазан, Гаага қаласында, Мырза Масрур Ахмед Нидерланд елінің Ұлттық Парламентінде, сыртқы істер бойынша тұрақты комитетінің арнайы сессиясында сөз сөйледі. Ол кісі Құран Кәрім тәлімдерінің негізінде, бүгінгі әлемдегі бейбітшілік пен қаусіздікке төнген қатерлерді шешу жолдарын ұсынды.Историческая речь Главы Всемирной Ахмадийской Мусульманской Общины в Национальном парламенте Нидерландов. ahmadiyya-islam.org/ru

«Хилтон» қонақ үйінде ұйымдастырылған шара, Токио, Жапония 2015 жылдың 23 қарашасында Мырза Масрур Ахмед Жапония елінің астанасы Токиода тарихи үндеуін жасады.Историческая речь Главы Ахмадийской Мусульманской Общины в Токио, Япония. ahmadiyya-islam.org Такионың Одайба ауданыңдағы "Хилтон" қонақ үйінде ұйымдастырылған шараға алпысқа жуық қонақ қатысқан. Мырза Масрур Ахмед қазіргі кезде болып жатқан соғыстардың ауқымы жаһандық ауқымға айналғанына назар аудартып, былай деді:

Жапонияның БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында, жапония халқына келесі жолдауын жасады:

Ол кісі болашақ үшін зор үмітті екендігін сөз етті:

Копенгагенде жасаған үндеуі, Дания.