Қос масақшалы қылша () — Ашықтұқымдылар тобының Қылшалар тұқымдасының Қылша тегінің екі үйлі өсімдігі. thumb|left|200px| Ботаникалық сипаттамасы Қос масақшалы қылшаның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екінші өсімдікте орналасады. Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл қылшаның биіктігі 15-440 см болады. Қос масақшалы қылша - жапырақтары ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта, қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан, фотосинтез бұтақтарында жүреді. Бұтақтарын өң қаптайды. Лептесіктері сабақ ұлпасына тереңірек батып орналасады. Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада емге қолданылады. Әсіресе орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны емдеуге пайдаланады.

Маңызы Басқа да ашық тұқымды өсімдіктер сияқты тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. Галерея

Сыртқы сілтемелер Gymnosperm Database: Ephedra distachya

Дереккөздер

Санат:Қылшалар