Сэр Мартин Джон Эванс () (1 қаңтар 1941) — ағылшындық ғалым.
Өмірбаяны 1963 жылы Кембридж университетін бітірді. 1969 жылдан философия докторы. 1966—1978 жылдары Лондон колледждік университетінің анатомия және эмбриология кафедрасында зерттеу және оқытушылық қызмет атқарды. 1978—1999 жылдары — Кембридж университетінің генетика кафедрасында істеді. 1999 жылдан — Кардифф университетінде сүтқоректілер генетикасы профессоры және биологиялық ғылымдар мектебінің директоры.
Жұмыстары
Эванстың зерттеулері басым көпшілігі эмбрионалдық бағаналық жасушалардың қасиеттерін зерттеуге арналған.
Қоғамдық танылу және Марапаттар
2004 жлы королева Елизавета II-нің бағыштауымен медицина алдындағы еңбегі үшін рыцарь атағын алған.
Алынған наградалар саны қамтиды: Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер сыйлығы (2001) Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (2007) Медаль Копли (2009).
Сілтемелер
Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Эмбриологтар Санат:Молекулярлық биологтар Санат:Копли медалінің иегерлері Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Кембридж университеті ғалымдары