Саналы (2006 жылға дейін – Бөген)Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiн қайта атау туралы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты, Дермене ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Арыс қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы 1975 жылы «Дәрмене» кеңшары аумағынан Бөген елді мекені құрылды. Алғашқы кезде бұл бөлімшеде екі үйлік сегіз там тұрғызылған болатын. Сол себепті «Сегізтам» бөлімшесі деп аталды. Бертін келе «Сегізтам» бөлімшесіне Бөген су қоймасынан канал тартылды, соның негізінде бөлімше атауы «Бөген» деп өзгертілді. «Бөген» бөлімшесі құрылған кезде 100-150 гектар жерге дәрілік шөптер егетін болса, жылдан-жылға олардың сапасы мен саны артып 850-970 гектарға дейін егіс егіледі. Осы егістің ішінде ең көп егілген түрі – сана дәрі шөбі болатын. Дәрмене ауылдық округіндегі егілетін барлық дәрілік шөптің 80 пайызы осы «Бөген» бөлімшесінде өсірілді. 1988-1989 жылдары елді мекен атауын өзгерту мақсатында кеңшар (совхоз) басшылары жұмысшылармен келісе отырып, «Бөген» бөлімшесін «Саналы» бөлімшесі деп атауға ұсыныс жасаған болатын. Алайда, бұл ұсыныс аяқсыз қалған. Он жеті жылдан кейін осы мәселе қайта көтеріліп, жергілікті тұрғындардың ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29-қыркүйектегі №25/294-111 шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2-қаңтардағы №332 Қаулысымен Бөген ауылы Саналы ауылы болып өзгертілді. Ең алғашқы атауы Сегіз там болған. Ауыл ішінде тек сегіз үй болғаны үшін солай аталған. Уақыт өте келе атауы "Саналы елді мекені" болып өзгертілді.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен790841 1094 130,1 421 538 127,8 420 556 132,4
Дереккөздер
Санат:Арыс қалалық әкімдігі елді мекендері