Сары шақшақай () — Шақшақай тұқымдастараның Шақшақайлар туысы тармағына жататын құс. Бұлардың, қалған шақшақайларға қарағанда, құйрығы едәуір қысқа болады. Сары шақшақай шағын денелі (16-20 г) құс. Аталықтарының жабын қауырсындары - ашық сары, ал аналықтары мен жас құстардың сарғылттану дәрежесі әр түрлі - сұрғылт жасылдау реңді болады.

Мекен ету ортасы Қазақстанның солтүстік жартысында қоныстанады да, көктемде және күзде Африка мен Азияның оңтүстік өңіріне ұшып бара жатқан жолда оңтүстікте кездеседі. Ылғалды шалғындарда өмір сүреді, көбінесе суқоймалар жағалауында тіршілік етеді.

Қоректенуі Өзге шақшақайлар сияқты нешізінде құрлықта қоректенеді, дегенмен бунақденелілердің соңынан қуып, көбінесе ұшып жүреді. Ұялары қалың шөп арасында болады. Салындыдағы 4-6 жұмыртқа өте теңбілді болып келеді. Жұмыртқаны ұдайы аналығы басады да, балапандарды аталықпен бірлесіп, екеулеп қоректендіреді. Бір жылда 2 салынды пайдаланады.Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра

Сарымаңдай шақшақай () – бұл да сары шақшақайға ұқсас құс. Сарымаңдай шақшақайдың одан айырмашылығы – тек қана аталығының басы лимон өңдес сары немесе жасылдау сарғыш болуында, алайда қасы ашық сары түсті болады. Қазақстанда батыс өңірлерде, сондай-ақ жіңішке тілкемдерде – Ертістің жайылмасында, республиканың нағыз орталығында – Теңіз-Қорғалжын қазаншұңқырында (Ақмола облысы) ұялайдыҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.

Дереккөздер

Санат:Шақшақайлар