Мантен – Ақмола облысы Ерейментау ауданының солтүстік-шығысындағы ағынсыз көл, Новодолинка ауылынан 6 км жерде, теңіз деңгейінен 358 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Ұзындығы мен ені 1,2 км, су жиналатын алабы 286 га. Түбі лайлы тұнба, суы тұзды, қар суымен толығады. Негізінен мөңке, алабұға ауланады.
Санат:Ерейментау ауданы көлдері