Сауранбай Құлманұлы (1847–1919) — қазақтың белгілі билерінің бірі. Бұрынғы Перовск уезіне қарасты Қараөзек болыстығында (қазіргі Қызылорда облысы) дүниеге келген. Басында Аббас бидің көмекшісі болды, орақ тілді Аббас бидің тәлім-тәрбиесін алған. Халық арасында өзінің шешендігімен, өткір тілімен, шешендігімен көзге түскен. Ел ішіндегі билік, әкімшілік жұмыстарына қатысқан, дау-шараларды шешу кезінде билік айтқан.Кейін 30 жыл бойы Перовск уезіне қарасты Қараөзек болысын басқарған. 1870 жылы Сауранбай арық қаздырады, халық оны «Сауранбай арығы» деп атап кеткен.Ал осы арықтың үстінен 1904 жылы салынған темір жол көпірі «Сауранбай көпірі» аталған. 1902 жылы Орынбор - Ташкент темір жолын салуға белсенді қатысқан, , құрылысына көмек көрсеткен. 1901 жылы 22 наурызда күміс медальмен және Станиславский лентасымен марапатталған. Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Жарылқап ақындардың жырларында Сауранбай би Құлманұлы туралы деректер кездеседі.

Сілтеме Қазақстан балалар энциклопедиясы "Империя құрамында", Қайрат Бегалин.

Санат:Тұлғалар