Шұбар — Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, Шұбар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде Арыс, Шұбар өзендерінің бойында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен26643539 3789 107,1 1754 1991 113,5 1785 1798 100,7
Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланды. Бадам, Қажымұқан атындағы кеңшарлардың бөлімшесі, мал тұқымын асылдандыру стансасы болған. 1978 жылдан Бүкілодақтық Лениндік комсомол жастар одағының 60 жылдығы атындағы шошқа өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Ауылда Шұбар, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Ордабасы ауданы елді мекендері