Ащыкөл – Шарықты тауының шығыс сілеміндегі күмбез пішінді тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласынан солтүстікке қарай 13 км, Шарықты тауының шығысында 5,5 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 392 м, ұзындығы мен ені 1,5 км. Көлбеу келген беткейлері нашар тілімденген.

Геологиялық құрылымы Девон тау жыныстарын алювийлі-делювийлі ірі кесек тасты шөгінділері жапқан. Күңгірт қоңыр топырақты жер бедерінде қараған, сұлыбас, көде шөптесін өсімдіктері өскен.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары