Сэр Питер Мэнсфилд (; 9 қазанда 1933 ж.т., Лондон, Ұлыбритания - 8 ақпанда 2017, Ноттингем, ҰлыбританияTributes to Professor Sir Peter Mansfield University of Nottingham) - британиялық физик, Медицина саласындағы Нобель сыйлығының 2003 жылғы лауреаты, «магнитті-резонанстық томография әдісін» тапқаны үшін алды. Ноттингем университеті (Ноттингем) профессоры.

Өмірбаяны Питер Мэнсфилд Лондонда 9 қазанда 1933 жылы дүниеге келген. 15 жасында мектепті тастап кетіп, баспаханада жұмыс істеді, 18 жасқа толған кезде әскери борышын өтеуге барды. Әскерде, Мэнсфилд зымыран жасаумен қызығып, қажетті сараптамалардан өтіп және Лондонда Пайтшайым Мария колледжіне түсті. 1959 жылы колледжді аяқтап, 1962 жылы ЯМР-спектрометр дамыту бойынша диссертация қорғады және Ph.D. дәрежесін алды. Диссертациядан кейін екі жыл Урбан-Шампэйн Иллинойс университетінде жұмыс істеді. АҚШ-та өткен тағылымдамадан кейін 1964 жылы Мэнсфилд Ноттингем университеті ұсынысын қабылдаған, онда ЯМР спектроскопия саласында жұмысын жалғастырды. Ноттингем университетінің құрметті профессоры болды (1994).

Ғылыми еңбегі Пол Лотербол және Питер Мэнсфилд жұмыстарына дейін бұрын белгілі болған Феликс Блох және Эдвард Перселлдер 1952 жылы физика саласындағы Нобель сыйлығын дамытқаны үшін алған магнитті ядролық резонанс (МЯР) әдісі, негізінен молекулалық құрылымын зерттеу үшін қолданылды. Лотербур және Мансфилд жұмыстары бүкіл денені бейнелеу әдісін қолдануға мүмкіндік берді.

Мэнсфилд құрылғыдан алынған радио сигналды математикалық өңдеуге болатын және суретке түсіруге болатынын көрсетті.

2003 жылы Мэнсфилд Лотербурмен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын «магнитті резонанстық томография әдісі үшін» алды.

Тағы қараңыз Реймонд Дамадьян

Сілтемелер Автоөмірбаян Питера Мэнсфилда Нобель комитеті сайтындағы Страница Питера Мэнсфилда на сайте Ноттингем университеті Nobel Prize 2003 Press Release Peter Mansfield US Patents

Санат:Физиктер Санат: Ұлыбритания физиктері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат: Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондонда туғандар Санат:9 қазанда туғандар Санат:8 ақпанда қайтыс болғандар