Қасқабұлақкөл – Шар алабындағы тұзды көл. Шолақтерек көлінің солтүстік-батысында.
Географиялық орны Абай облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ ауылының шығысында 2,5 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 409 м биіктікте жатыр. Ауданы 6,3 км2, ұзындығы 5,1 км, ең енді жері 1,8 км, жағалауының ұзындығы 15,4 км, ең терең жері 4,6 м, сыйымдылығы 3,4 млн. м3. Жағалауы тегіс, батпақты келген көлдің орта бөлігінде бірнеше ұсақ аралдар бар. Жауын-шашын және қар суымен толысады. Қарашаның екінші жартысында қатып, сәуірдің басында ериді. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) көлдері