thumb|right|Ибанаг ұлттық биі Ибанагтар, кагаяндықтар (өзд. атауы ибанаг – өзен адамдары) – халық.

Филиппиннің Лусон аралының орталық бөлігін, Кагаян өзенінің бойын мекендейді. Антропологиялық жағынан Ибанагтар зәңгі нәсілінің өтпелі оңтүстік-азиялық нәсіліне жатады. Австронезиялық тілдер шоғырының филиппин тобына жататын ибанаг тілінде сөйлейді. Ибанагтар христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Негізгі кәсіптері – суармалы егін шаруашалығы. Күріш, картоп, абака, камотес, көкөніс өсіреді. Тоқымашылық, өрме, қыш-құмыра жасау қолөнері дамыған. Ибанагтардың мәдениеті Филиппиндегі басқа халықтарға да ұқсас. Әйелдер де, ерлер де ұзын шаш жібереді. Бойтұмар мен әшекейлер тағады. Ибанагтар өздерінің дәстүрлі әдет-ғұрпын сақтаған.

Халқы Жалпы саны – 400 мыңнан астам адам (1997).

Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Санат:Халықтар