Бидайық () — сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кездеседі. Таулы-тасты жерлерді, жарлар мен құздарды мекен етеді.Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3

Шәулісінің (қоразының) қанатының ұзындығы 27 — 30 см, салмағы 330 — 350 г, ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу. Арқасы көлденең жолақты сұр, ал бауыры күрең, қызғылт күрең түсті келеді. Төсінде дөңгелек дақтары бар. Бидайықтың лашыннан ерекшелігі: төбесі жирен, көзінің астында ұзынша келген қос қара “мұртшасының” шеті күрең түсті болады. Ұясын биік, тік жартастарға салады, басқа құстардың ұяларын да пайдалана береді. Бидайық оңтүстікте — отырықшы, ал шығыста — жыл құсы. Олар бір рет жұптасып, наурыздың ортасында шәулісі мен ұябасары 1 — 4 жұмыртқаны 30 — 33 күндей кезектесіп басады. Балапандары 1,5 айда ұядан ұшады. Құстарды (бозторғай, кептер, бұлдырық, кекілік, кейде жарқанатты) қорек етеді. Жемтігін ұшып жүріп ұстайды. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген.

Бидайық Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында қорғалады. Алматы хайуанатттар паркінде бидайықтың 2 жұбы тіршілік етеді. Бидайық сирек кездесетін құс болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Сұңқарлар Санат:Жыртқыш құстар Санат:Азия құстары Санат:Африка құстары Санат:1829 жылы зерттелген жануарлар