Эдвард Донналл Томас (; 15 наурыз 1920 — 20 қазан 2012) — американдық дәрігер-трансплантолог, Вашингтон университетінің және Фред Хатчинсон Онкологиялық зерттеулер орталығының құрметті профессоры. 1990 жылы Джозеф Мюрреймен бірге «ауруларды емдеуде органдар мен жасушалардың трансплантациясына қатысты жаңалықтары үшін» Медицина саласындағы Нобель сыйлығын алған.

Томас бірінші болып лейкемияны емдеуде адамның жілік майы трансплантациясын жүзеге асырған деп саналады. Алайда, бірінші табысты жілік майын транспланттау біріншілігі, бұл операцияны Миннесота университетінде жүзеге асырған, Роберт Гудке () тиесілі деген пікір бар, бірақ оның жанжалға тартылу әлеуеті, ең алдымен, оның кандидатурасының Нобель сыйлығының лауреаттары тізімінен алып тасталуына әкеліп соқты.

Өмірбаяны Донналл Томас Остин Техас университеті бітірген, онда химия мен химикалық машинажасауда оқыған, 1941 жылы бакалавр, ал 1943 жылы — магистр дәрежесін алған. Осы кезде, ол өзінің болашақ әйелі Дороти Мартинге кездесті, ол журналистикада оқитын еді; екеуінің үш баласы бар. 1943 жылы Томас Гарвард университетіне «медицина» бағытына оқуға түседі, және 1946 жылы ғылым докторын алады.

1990 жылы АҚШ Ұлттық ғылыми медалін жеңіп алды.

Ол жүрек қызметі жеткіліксіздігінен 2012 жылы 20 қазанда қайтыс болды.

Сілтемелер Э. Д. Томастың Нобельдік комитеттің сайтындағы өмірбаяны Эдуард Томас Фред Хатчинсон Онкологиялық зерттеулер орталығы сайтындағы өмірбаяны

Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:Остин Техас университеті түлектері Санат:Трансплантологтар Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болғандар