Филлип Эллен Шарп (; 6 маусым 1944, Фалмут, Кентукки) — америкалық генетик және молекулярлық биолог. 1993 жылы Ричард Робертпен бірге «бір-біріне тәуелсіз, геннің дискретті құрылымын ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Өмірбаяны Филлип Шарп өмірге 1944 жылы 6 маусымда Фалмут (Кентукки) қаласында келген. Докторлық диссертациясын 1969 жылы Иллинойс университетінде қорғады. 1971 жылға дейін Калифорния технологиялық институтында, кейін Джеймс Уотсонның басшылығымен Колд Спринг Харбор лабораториясында жұмыс істеді. 1974 жылдан бері Массачусетс технологиялық институтында жұмыс істейді.

Сілтемелер Нобельдік жүлде сайтындағы өмірбаяны Sharp's Research at MIT The Phil Sharp Lab

Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:Массачусетс технологиялық институты оқытушылары Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:АҚШ генетиктері Санат:Молекулярлық биологтар