Ферид Мурад (; род. 14 қыркүйек 1936, Уайтинг, Индиана) — американдық дәрігер және фармаколог, 1998 жылы «Жүрек-қан тамырлары реттейтін дабыл молекуласы ретінде азот оксиді рөлін ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Азот оксидінің NO ағзада қалыптасуының нәтижесінде Нитроглицерин және ұқсас препараттар, қан тамырларына сигнал молекуласы және босаңсытатын әсер беретін,вазодилататорлар ретінде әрекет ететінін көрсетті.
Өмірбаяны Ферид Мурад 1936 жылы 14 қыркүйекте Уайтинг (Индиана) кедей отбасында туған. Әкесі Джон Мурад (иммиграцияға дейін ) 1892 жылы Албанияда өмірге келген және жасөспірім кезінде Батыс Еуропаға көшіп келіп, содан кейін АҚШ-қа қоныс аударды. Мурад ДеПоу университетін (Гринкэстл, Индиана) 1958 жылы бітірген. Ол Батыс резервтік университетінде 1965 жылы өзінің PhD дәрежесі мен м.ғ.д. екеуін де алды.
В 1997—2011 жылдары Техас университеті денсаулық және ғылым орталығының молекулалық медицина институтының директоры болды. 2011 жылы сәуірден Вашингтонда Джордж Вашингтон университетінің биохимия және молекулалық биология кафедрасының профессоры болды.Nobel Laureate to Join GW | Learninig & Search – the George Washington University
Данил Галицкий атындағы Львов Ұлттық медицина университетінің құрметті докторы.
Дереккөздер
Сілтемелер Нобельдік жүлде сайтындағы өмірбаяны The Brown Foundation Institute of Molecular Medicine for the Prevention of Human Diseases
Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ фармакологтары Санат:АҚШ биохимиктері Санат:Львов медицина университетінің құрметті докторлары Санат:Фармацевтика саласындағы философия докторлары Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Қытай ғылым академиясының шетелдік мүшелері