нобай
Дэн Билзерян (ағыл. Dan Bilzerian; 7 желтоқсан 1980, Тампа, Флорида, АҚШ) — армениялық және америкалық профессионалды покер ойыншысы.
Покерлік мансабы Дэн әйгілі танымалдығын 2009 жылы Покерден өткен жарыста алған. Билзерин жарыста 180 орын алып 36 626 АҚШ долларын ұтып алды. 2010 жылы оны Bluff журналы Twitter-дегі ең көңілді покер ойыншыларының бірі деп атады.
2011 жылдың қарашасында Билзерян Брэдли Рудерманның мұрагерлері тарапынан сотқа берілді. Сот ісінде покерден ұтқан қаражаттың заңсыз "Понци схемасынан" алынғаны айтылды.
2013 жылы қарашада Билзерян бір кеште покер ойнап, 10,8 миллион АҚШ долларын ұтқанын мәлімдеді — бұл ақпарат ресми расталмаған. Ал 2014 жылы ол жыл бойы 50 миллион доллар ұтқанын айтып, енді кәсіби ойыншылармен ойнамайтынын және бір сессияда ең көп жоғалтқан сомасы — 3,6 миллион доллар екенін айтты.
Кинодағы мансабы Дэн Голливудтық фильдердің басты рөлдерінде ойнады және кейбір фильмдерді инвестірледі.
Фильмографиясы
2013 — Olympus Has Fallen 2013 — Lone Survivor 2014 — The Other Woman 2014 — The Equalizer 2014 — Cat Run 2 2015 — Extraction 2016 — Соғыс төбеттері
2016 жылы Android және IOS тарға оның жаңа ойыны шығады.
Президенттік кандидатура 2015 жылы маусым айында Дэн өзінің тізімін президенттікке өткізді.
Армения азаматтығын алуы 2018 жылғы 28 тамызда Дэн Билзерян өзінің ағасы Адам және әкесі Полмен бірге Арменияға барып, осы елдің азаматтығын қабылдау рәсімінен өтіп, Армения Қарулы Күштерінің қатарына қосылды.
Сол сапар барысында Билзерян Таулы Қарабахтағы Арцахқа да барып, атыс тирінде қару атып көрді. Бұл әрекетіне байланысты Әзірбайжан билігі АҚШ-қа ресми наразылық нотасын жолдап, Бакудегі АҚШ істері уақытша сенімді өкілі Уильям Гиллді Сыртқы істер министрлігіне шақырды. Кейін Баку соты Билзерянға қарсы тұтқындау туралы ордер шығарып, оны халықаралық іздеу тізіміне енгізді.
2020 жылы Дэн Билзерян мен оның отбасы мүшелері Таулы Қарабахтағы екінші соғыс кезінде Армения мен Арцахты қолдау мақсатында «Armenia Fund» қайырымдылық ұйымына 250 000 АҚШ долларын аударды. Ол бұл әрекетін "Әзірбайжан армян халқына шабуыл жасауды жөн көргеніне қатты көңілім қалды" деп түсіндірді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:7 желтоқсанда туғандар Санат:1980 жылы туғандар Санат:Тампада туғандар Санат:АҚШ кәсіби покер ойыншылары Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2016)