Қысқаш — ұсталардың қызған металды көріктің оттығынан алып,қысып тұрып төске төсеп, аударып-төңкеру үшін қолданылатын құралы. Қысқаштың көмегімен металды қысып ұстап, июге болады. Қысқаштың сабы ұстауға ыңғайлы әрі серпімді болғаны дұрыс. Үлкен,ауыр металды қысқанда қысқаштың сабына шығырық кигізіп қояды. Істелетін жұмыстың ыңғайына қарай қысқаштың тұмсығы,яғни металды қысатын аузы да әртүрлі болады.Олар "жалпақ тұмсық", "құс тұмсық" ,"біз тұмсық", "имек тұмсық", т.с.с. атала береді.Райымбеков Қ.Ж,Байғабылова Қ.Т "Сен білесің бе?" энциклопедиясы. Алматы: "Аруна" баспасы.-696 бет
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қысқаш · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.