Өтенай (2006 жылға дейін – Заря)Облыстағы ауылдық округ пен кейбір ауылдардың атауын өзгерту туралы — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Өтенай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласының батыс іргесінде, Талдықорған – Үштөбе жолы бойындағы құрғақ агроклиматтық белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен6098 7118 10262 144,2 3496 5090 145,6 3622 5172 142,8
Тарихы Іргесі 1947 жылы “Путь социализма” ұжымшарын құруға байланысты қаланған. 1950 жылы оған “Заря Востока” ұжымшар қосылғаннан кейін “Заря коммунизма” деп аталды. Мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы мен Өтенай ауылдық кеңесінің орталығы болып келген. Тәжірибе стансасының негізінде 1997 жылдан ауылда өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, клуб, кинотеатр, стадион, мешіт, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, аурухана, балабақша, т.б. әлеуметтік мекемелер орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы, 4 том 3 бөлім
Дереккөздер
Санат:Талдықорған қалалық әкімдігі елді мекендері