Лебсак Виктор Яковлевич (1919 жылы туған, Саратов облысы) – ұстаз. ҚазКСР және КСРО оқу ағарту ісінің үздігі. Есіл қаласының Құрметті азаматы. Қарағанды және Магнитогорск педагогикалық институттарын бітірген. Аршалы ауданындағы мектепте оқу ісінің меңгерушісі, директоры, 1963 – 96 жылы Есіл қаласындағы №83 орта мектепте директор болып қызмет атқарған. 1996 жылы Ресейге көшіп кеткен. Медальдармен марапатталған. Дереккөздер</span> «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Санат:Тұлғалар