Питер Брайан Ме́давар ( ) (28 ақпан 1915, Петрополис, Рио-де-Жанейро — 2 қазан 1987, Лондон) — ағылшын биолог. Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1949), Нью-Йорк ғылым академиясының құрметті мүшесі (1957), Британ академиясының құрметті мүшесі (1981)British Academy | The Fellowship — Fellows Archive.
1960 жылғы физиология мен медицина саласындағы Нобель жүлдесін алды (Ф. Бернетпен бірге).
Өмірбаяны Питер Брайан Медавар өмірге 28 ақпан 1915 жылы бразилиялық Петрополис қаласында ливандық Николас Медавар және британдық Эдит Даулинг отбасында келген. Питердің әкесі, Ұлыбританияның азаматы, стоматологиялық материалдар өндіру бойынша компанияның коммерциялық өкілі болып жұмыс істеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай, Петір мен оның отбасы Англияға көшті, онда қалған барлық ғұмырын өткізді.
Оксфордтегі Магдален-колледж бітіріп (1939), сонда сабақ берді (1938—1945, 1946—1947). Бирмингем университеті зоология профессоры (1947—1951), — Лондон университеттік колледжінде зоология және салыстырмалы анатомия професоры (1951). 1962—1971 жылдары Ұлттық медициналық зерттеулер институтының директоры (Милл Хилл). 1966 жылдан Халықаралық Трансплантация қоғамының президенті. Ұлыбритания және АҚШ-тың Бірнеше ғылыми қоғамдардың мүшесі.
Негізгі жұмыстары Медавардың жұмыстары ағзаның өсуі мен қартаюна, тіндердің трансплантациясына реакциясына, атап айтқанда, гетеротрансплантацияларға кедергі келтіретін иммунореакцияларға, транспланттау антигендері және антилимфоцитарлық сарысуларға арналған. Жүре пайда болған иммунотолеранттылық құбылысын ашты және экспериментте оны қайта жаңғыртты.
Зерттеулерінде Питер Брайан Медавар организмнің өсуі мен қартаюын, оның тіндерді трансплантациялауға реакциясын зерттеген. Ол қолданбалы иммундық төзімділік құбылысын ашып, оны тәжірибеде дәлелдеген.
Медавардың иммунология саласындағы ғылыми еңбектері жануарлардың барлық жасушаларында антиген ретінде әрекет ете алатын белоктар бар екенін көрсетті. Нәтижесінде гистосәйкестік антигендердің айырмашылығы трансплантаттың қабылданбауына әкеп соғады. 1951 жылы Питер Брайан Университет колледжінде қызметке кірісіп, сол жерде Биллингеммен және жас аспирант Лесли Брентпен танысты. Екі жыл бірлесіп жұмыс істегеннен кейін, олар ғылыми мақала жариялады. Онда эмбриондарға және жаңа туған тышқандарға туыстық емес ересек тышқандардың тінін енгізу тәжірибесінің нәтижелері сипатталды.Тышқандар өсіп жетілгенде, бастапқы донордан тері трансплантациясы жасалды. Бұл операция бір жұмыртқалы егізден алынған трансплантат сияқты сәтті өтті. Жүргізілген зерттеулер ғылыми қоғамда жоғары бағаланды. Сол үшін Питер Медавар мен Френк Бёрнет 1960 жылы физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығымен марапатталды, «қолданбалы иммундық төзімділікті ашқаны үшін». Бұл жұмыс иммунологиядағы негізгі зерттеу болып, заманауи иммунитет теорияларының дамуына жол ашты. Нобель комитетінің пікірінше, «оның практикалық медицинада қолданылуы – болашақ міндеті» болып табылады. Medawar, Peter Brian: An Unsolved Problem of Biology, London, 1952 Medawar, Peter Brian: The Uniqueness of the Individual, London, 1957 Medawar, Peter Brian: The Future of Man, London, 1960 Medawar, Sir Peter Brian: The Art of the Soluble, New York-London, 1967 Medawar, Sir Peter Brian: Induction and Intuition in Scientific Thought, London, 1969 Medawar, Sir Peter Brian: The Art of the Soluble, Creativity and Originality in Science, Harmondsworth, 1969 Medawar, Sir Peter Brian: The Hope of Progress, 1972 Medawar, Sir Peter Brian: Advice to a Young Scientist, Basic, 1979 Structure in Science and Art: Proceedings of Taunus, мамыр 1979, Elsevier, 1980 Medawar, Sir Peter Brian: Induction and Intuition in Scientific Thought, Am. Philos., 1980 Medawar, Sir Peter Brian: The Uniqueness of the Individual, Dover, 1981 Medawar, Sir Peter Brian: Pluto's Republic, Oxford University Press, 1982 Aristotle to Zoos: A Philosophical Dictionary of Biology, Cambridge, Mass.: Harvard University Press, 1983 Medawar, Sir Peter Brian: The Limits of Science, Oxford University Press, 1985 Medawar, Sir Peter Brian: Memoir of a Thinking Radish: An Autobiography, Oxford University Press, 1986 Medawar, Sir Peter Brian: The Threat and the Glory: Reflections on Science and Scientists, Oxford University Press, 1991 Medawar, Sir Peter Brian: Advice to a Young Scientist, Basic, 1979
Әдебиет: Medawar, Jean: A Very Decidet Preference: Life With Peter Medawar, New York: W.W. Norton & Company, Inc., 1990 Robinson, D.: The Miracle Finders, 1976
Сілтемелер https://web.archive.org/web/20160305014925/http://www.nobellaureate.ru/nobel_list/m/medawar_peter
http://www.pandia.ru/text/77/266/2283.php
Дереккөздер
Санат:XX ғасыр биологтары Санат:Ұлыбритания зоологары Санат:Оксфорд университеті түлектері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Британ академиясының құрметті мүшелері Санат:Копли медалінің иегерлері Санат:Калинги сыйлығының лауреаттары Санат:Корольдік медаль иегерлері