Қырыққұдық (1998 жылға дейін - "Черняховское" ) — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қырыққұдық ауылдық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Степногорск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей орналасқан.

Тарихы Іргесі 1954 жылы қаланған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен888567 631 111,3 283 346 122,3 284 285 100,4

Инфрақұрылымы Мектепке дейінгі мекеме, орта мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, АТС бар. Қырық-Құдықта екі мәрте Кеңес Одағының батыры И.Д.Черняховскийге ескерткіш орнатылған. Қырық-Құдық арқылы Астана – Макинск – Степногорск автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол станциясы – Ақсу (45 км).

Дереккөздер

Санат:Степногорск қалалық әкімдігі елді мекендері