Қызылшоқы – Ақмола облысы Ақкөл ауданының орталығы бөлігінде, Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км, Жалғызқарағай ауылынан шығысқа қарай 10 км, Астана қаласынан солтүстікке қарай 145 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 418 м, ұзындығы мен ені 1-1,5 км. Дөңгелек пішінді тау жер бедерінде айқын көрінеді. Нашар тілімденген беткейлері көлбеу келген.
Геологиялық құрылымы Сүйірлі-қиыршықтасты элювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатқан жоғарғы девонның граниттерінен түзілген.
Өсімдігі Оңтүстік даланың сортаңдау келген қара топырағында петрофитті әртүрлі шөптесінді және сұлыбасты-бетегелі шөптесіндер өскен.«Ақмола облысы» энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы таулары