Мұқыр — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Мұқыр ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны thumb|солға|200px|Аудан орталығы — Миялы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 105 км-дей жерде Мұқыр өзенінің жағасына орналасқан.

Халқы 1989 жылы елді мекенде 2659 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 3203 адам (1679 ер адам және 1524 әйел адам) болса, 2009 жылы 3423 адамды (1743 ер адам және 1680 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3335 адамды (1733 ер адам және 1602 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Мұқыр орта мектебі — 1941 жылы Таңдай орталау мектебі Мұқыр ауылына көшіп келеді. Жаңа мектеп Мұқыр орталау мектебі деген атпен сол жылы өз жұмысын бастады. Алғашқыда мектеп теміржолшылардың шпалдан салынған 4 бөлмелі үйіне орналасты. Кеңшар әкімшілігі 1950 жылы жеті бөлмелі мектеп үйін салып берді. 1951 жылы мектеп жанынан 20 балаға арналған интернат ашылды. 1956-1957 оқу жылында мектеп орта мектепке айналды. Хрущевтің мектептерді политехникаландыру саясатына байланысты 1950 жылдардың соңында мектебіміз 2 жылдай оқушыларға білімді еңбекпен ұштастырып беретін 11 жылдық мектепке айналды. 1969-1970 оқу жылында мектеп ауданда алғашқы болып типтік жобамен салынған 536 орындық 3 қатарлы сәулетті ғимаратқа көшті.Мұқыр орта мектебі №2 орта мектеп — 2021 жылы қыркүйекте ашылған. Үшқабатты мектеп 424 оқушыға шақталған.Мұқыр ауылында жаңа мектеп ашылды «Алтын кілт» бөбекжай-балабақшасы Мұқыр ауылдық клубы

Діни ұйымдар «Аманияз ата» мешіті

Елді мекендегі көшелер №4 ауыл №5 ауыл №6 ауыл Берқайыр Аманшин көшесі Боран Айтмағамбетов көшесі Ғабдол Сланов көшесі Ғиниятолла Есенғалиұлы көшесі Жақсы Кенжебаев көшесі Мұқанбетжан Зұлқанов көшесі Мұқан Сұлтанов көшесі (№3 ауыл) Мырзағали Дәулетбаев көшесі Сисенбек Есенғалиев көшесі

Дереккөздер

Санат:Қызылқоға ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері