Биляр теңгесі — 13 ғасырда соғылған теңге. Биляр қаласының орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде көмбеден табылған. Тиын теңгенің оң бетінде араб әрпінде “Биляр теңгесі” деген жазу таңбаланған. Екінші бетінде төртбұрышты, дөңгелек және алты қырлы өрнектер бейнеленген. Теңгенің нақты шыққан жылы көрсетілмеген. Биляр қаласы 13 — 14 ғасырларда маңызды сауда жолдарынан жырақ қалғандықтан теңге кейінірек өз қызметін тоқтатқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер</span>
Санат:Тарих