Жаңа Қаратон кенттік әкімдігі — Атырау облысы Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Әкімшілік орталығы әрі құрамындағы жалғыз елді мекен — Жаңа Қаратон кенті.
Тарихы Қаратон және Сарқамыс ауылдары тұрғындарын көшіруге байланысты 2000 жылы наурыз айында құрылды. Округ әкіміне Балтабай Ибраев тағайындалды.Жылыой жылнамасы,Энциклопедиялық жинақ, «Өлке» баспасы, 2008 ISBN 9965-742-49-9
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша кенттегі халық саны 6966 адамды құрайды.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Жаңа Қаратон - 584 6038 6966 Қаратон 4813 2417 - - Сарықамыс 4089 3349 - -
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Кент көлемінде 4 шаруа қожалығы бар. Аталған қожалықтарда және жеке тұрғындарда барлығы 1107 ірі қара, 1318 қой-ешкі, 295 түйе, 154 жылқы, 133 құс бар. Сонымен қатар көлік жуу стансасы, ағаш шеберханасы және төсем тас шығаратын цех жұмыс жасайды.
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы ауылдық округтері